бейсенбі, 3 қазан, 2024 5:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілер көп – Серік Жұманғарин

Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілер көп – Серік Жұманғарин
ашық дереккөзі
Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілер көп – Серік Жұманғарин
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елімізде кәсіпкерлікпен айналысуда бірқатар проблеманың барын атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында аталған өңірдің аграрлық кәсіпорындарына барып, облыс тұрғындары және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. «Облыста жеміс бақтары, көкөністер, сүт өнімдері, шағын және ірі фермерлік шаруашылықтар сияқты аграрлық бизнес қарқынды дамып жатқаны байқалады. Әрине, барлық кәсіпкерлер өндіріс желісін дамытуға және кеңейтуге тырысады. Олар мұны қалай жасау керектігін біледі, өнімнің көлемін арттырады. Өз өнімдерін тиімді өңдеу және сақтау үшін қолайлы технологияларды енгізіп жатыр. Кездесулерде қойылған сұрақтардың басым бөлігі бюрократиялық кідірістер, әуре-сарсаң, қағазбастылықтың көптігімен байланысты», - деп жазды Серік Жұманғарин Facebook парақшасында. Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, инфрақұрылымдық және басқа да компаниялар тарапынан мемлекеттік қатысу жүйесінде кері байланыс жоқ. «Мысалы, кәсіпкер жаңа технологиямен көкөністерді жылдам тоңазыту кешенін салды. Бірақ, барлық құжаттарды жинағанына қарамастан, айлап, жылдап оны магистральдық газбен жабдықтауға қоса алмаған. Сондай-ақ, оның жаңа технологиясы қолданыстағы инвестициялық субсидиялау қағидаларына сәйкес келмейді екен. Басқа фермер аналық мал басын көбейту үшін аграрлық несие корпорациясынан 8 ай бойы несие ала алмай жүр. Үшіншісі сидр мен шарап өндіреді. Экспортқа өнімді жеткілікті көлемде жеткізуге дайын, бірақ экспорттаушыларға арналған мемлекеттік қолдау шараларынан бейхабар», - дейді ол. Сондай-ақ, вице-премьер және сауда министрі кәсіпкерлермен кездесу барысында айтылған проблемалар мен ұсыныстарды құзырлы органдарға жеткізуге уәде берді. «Ал экспорт бойынша Сауда комитетіне және Казтрейд кәсіпорнына тапсырма бердім. Кездесу барысында көтерілген проблемалар – қазіргі кедергілердің аз ғана бөлігі, басым көпшілігі – бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілер. Көп жағдай маған мәлім. Бәсекелестікті қорғау және дамтыу агенттігі жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес алаңдарында көтерілген. Оның қатарында салалық мемлекеттік органдар шешіп жатқан газға қосылу, жеңілдетілген кредиттер және инвестициялық субсидиялау қағидаларының бәсекелестікке қарсы нормаларын алу жөніндегі проблемалар бар», - деді С.Жұманғарин. Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде сауда саясаты тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар