бейсенбі, 3 қазан, 2024 7:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде күрделі мәселе. Десе де, әлеуметтік қасірет боп табылатын осынау дерттің дауасын табу, оның алдын алу баршаның міндеті. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекемесінде өткен жиын барысында бұл жөнінде кеңінен айтылды. Мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаевтың төрағалығымен өткен басқосуға басшы және жеке құрам түгелдей дерлік қатысты. Жалпы, жиынның негізгі мақсаты – ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. - Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар заң бұзушылықтардың алдын алып, сыбайластық әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың ҚАЖ саласына сенімін көтеру мақсатында тиімді іс-әрекеттерге көп көңіл бөлуіміз қажет», – деді Нұржан Қайратұлы. Шара барысында мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілердің арасында сыбайластық әрекеттерге жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылып, әрбір әрекет қатаң бақылауда екені ескертілді. Жиын соңында осы дертті жою мақсатында жұмыстар атқарылуы керек екендігін тілге тиек еткен Нұржан Кузембаев бөлім басшыларына ауқымды тапсырмалар берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар