Жаңалықтар
Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын құрам анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 наурыз, 2025
- 130

ҚР ҰОК мәліметінше, жарысқа Қазақстаннан 12 боксшы қатысады.
9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімі:
48 келі: Назым Қызайбай
50 келі: Алуа Балқыбекова
52 келі: Анита Адишева
54 келі: Жайна Шекербекова
57 келі: Карина Ибрагимова
60 келі: Виктория Графеева
63 келі: Аида Әбікеева
66 келі: Жасмин Кизатова
70 келі: Наталья Богданова
75 келі: Надежда Рябец
81 келі: Гүлсая Ержан
81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова