Мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыру мүмкін болмақ
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 наурыз, 2025
- 153
Қазақстандықтар жеке куәлігін онлайн ауыстыра алады. Елімізде пилоттық жоба іске қосылып жатыр. Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасы legalacts.egov.kz порталында жарияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Жоба "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" Заңды іске асыру шеңберінде үдерісті жетілдіру, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды және жеке куәліктерді беру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында әзірленді.
Жобаның мақсаты – 2026 жылдың 1 наурызына дейін жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты жеке куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді қолданыстағы тәртіпке балама ретінде онлайн форматқа көшіру", - делінген құжаттың түсіндірмесінде.
Жеке куәлікті онлайн ауыстыру тек оның мерзімі өтіп кету себебімен ғана жүзеге асырылатыны көрсетілген. Қызмет мына жағдайларда ғана көрсетіледі:
жеке куәлік мерзімінің аяқталуына 30 немесе одан аз күн қалса;
жеке куәліктің қолданылу мерзімінен 10 күнтізбелік күн ғана асса.
"Өзге себеп бойынша қызмет "Электрондық үкімет" порталы және мобильді қосымшалар арқылы көрсетілмейді және көрсетілетін қызметті алушыға "рәсімдеу мүмкін емес, Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініңіз" деген хабарлама жіберіледі", - делінген құжатта.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025