жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бразилияда Пеленің қайтыс болуына байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды

Бразилияда Пеленің қайтыс болуына байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды
ашық дереккөзі
Бразилияда Пеленің қайтыс болуына байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды
Бразилияда футбол королі Пеленің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Жамбылинфо ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап. «Осы жарлық жарияланған күннен бастап республиканың барлық аумағында үш күндік мерзімге ресми аза тұту жарияланды. Бұрынғы футболшы Эдсон Арантес ду Насименту - Пеленің қайтыс болуына өкініш белгісі ретінде», - делінген ресми хабарламада. Әйгілі футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті. 1940 жылдың 23 қазанында Бразилияда дүниеге келген Э́дсон Ара́нтис ду Насиме́нту жанкүйерлерге Пеле деген лақап есімімен белгілі болды. Ол - өзінің футболшылық мансабында үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы. Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Аталған ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар