жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сәлем-сауқаттан тыйым салынған зат табылды

Сәлем-сауқаттан тыйым салынған зат табылды
ашық дереккөзі
Сәлем-сауқаттан тыйым салынған зат табылды
Тараздағы ҚАЖ департаментіне қарасты №59-мекемесінде жедел және режим бөлімі қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен сотталған азаматтарға келіп түскен сәлем-сауқаттарды тексеру барысында әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Алматы облысынан азаматша Г. Т. А-дан сотталған А. П. Р-ге жолданған сәлем-сауқатты тексеру барысында «Ревит» дәруменінен ақ түсті, спецификалық иісі жоқ, белгісіз 297 дана таблетка, USB шнур 2дана, 1дана қуаттағыш және шамамен 300грамм болатындай жасыл түсті (насвайға ұқсас) зат тәркіленді. Сәлем-сауқатты жолдаған азаматша тапсырыс хатта жолдаған, онда 2дана құлаққап, 3дана флэш-карта адаптері және қуаттағыш табылды. Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-Полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар