жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы желі жұлдызына айналды

ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы желі жұлдызына айналды
Фото: ulysmedia.kz.
Ерасыл Уәлиев 1 балмен антирекорд жасаған оқушы атанып отыр

Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 ғана ұпай жинаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Ол өзінің ҰБТ-да жинаған баллы жайлы бейнежазбаны TikTok-тағы парақшасына жүктеген.  Ерасыл Уәлиев постына 3 түрлі пікір жазылатынын мәлімдеп, кейбірі мектеп түлегін соншалықты "ақымақ" десе, енді бірі не деген "ақылдысың" деген. Сонымен қатар, мектеп түлегі ҰБТ-дан не себепті 1 балл алғанын түсіндірді.

"11-сынып оқушыларының бәрі "грантқа түсеміз" деп, ҰБТ тапсырып жатыр. Жоғары балл алғандар, әрине, бас киімін аспанға лақтырып қуанып жатыр да, ал төмен алғандар не істеп жатыр? Депрессияда жатыр. Біреулер тіпті "Өміріме нүкте қойылды, енді не істеймін?" деп ойлап жатыр, бірақ мен сіздерге айтайын: "ҰБТ-мен өмір тоқтап қала ма?" Жоқ. Әрине, жоқ. Не үшін? Мысалы, Американың экс-президенті Дональд Трамп мектеп кезінде сабақты дұрыс оқымапты. Сол сияқты Билл Гейтс, ол да дұрыс оқымаған. Барлығымыз ұстап жүрген телефон - iPhone. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс та сабақты дұрыс оқымаған. Оның ата-анасы тіпті ол баланы университетке жіберу үшін төлеп, артынан қуған, бірақ бала бәрібір "Оқымаймын" деп, бірінші сессиядан кейін "ұшып", кетіп қалған ғой, бірақ олар оқымаса да, өмірде жетістіктерге жете алды. Сол үшін сіздер уайымдамаңыздар. Өмірде жетістікке жету үшін ҰБТ-ның балы ешқандай рөл ойнамайтынын дәлелдегім келіп тұр", - дейді ол. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар