дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

Елімізде 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды
Фото - ашық дереккөзден
Президент заңға қол қойды

Қазақстанда 21 жасқа дейінгілерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурызда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сәйкес бұл шара өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қабылданған. 

“Өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар