Жаңалықтар
Бюджеттің 88 млрд теңгесі игерілмей қалды – Қаржы министрі
- авторjambylinfo.kz
- 13 маусым, 2023
- 213
Бюджеттің 88 млрд теңгесі игерілмей қалды – Қаржы министрі
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бюджеттің 88 млрд теңгесі неліктен игерілмей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,8%, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,9% атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді», - деді Ерұлан Жамаубаев бүгінгі Үкімет отырысында.
Сондай-ақ 109 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 21 млрд теңге – үнемделсе, 88 млрд теңге игерілмей қалған.
«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасау рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», - деп түсіндірді Қаржы министрі.
Ал жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,4 трлн теңгені құрады. Онда 47 млрд теңге жұмсалмаған.
«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 641 млрд теңге бөлінген және 97,8% игерілген. Игерілмей қалған сома – 14 млрд теңге. Бұл әсіресе Астана қаласында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз