сенбі, 2 қараша, 2024 21:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

SCAT әуекомпаниясы қазақстандықтарға домбыра үшін жеке билет сатып алуды ұсынды

SCAT әуекомпаниясы қазақстандықтарға домбыра үшін жеке билет сатып алуды ұсынды
ашық дереккөзі
SCAT әуекомпаниясы қазақстандықтарға домбыра үшін жеке билет сатып алуды ұсынды
Қазнет пайдаланушыларын Қазақстан әуежайларының бірінде түсірілген видео ашуландырды. Онда SCAT қызметкерлері жолаушыны домбырамен бортқа жібермей жатқанын көруге болады. Авиакомпания жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Алайда желі қолданушылардың сұрақтары мен наразылықтарына өз ұстанымдарын айтты. Олардың ақпараты бойынша, қол жүгі ретінде музыкалық аспапты тасымалдау мүмкін емес. Өйткені рұқсат етілген габариттер – 55х40х20-дан асып кеткен. “Тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап ететін багажды ӘК жолаушылар креслосында тасымалдауға болады. Мұндай багаждың салмағы 80 кг-нан аспайды, габариттері 30х40х90см мөлшерінен аспауы тиіс. (ұзындығы+ені+биіктігі). Жолаушы әуежайға қызмет көрсету алымдарын қоспағанда, ересек жолаушыны тасымалдау кезінде қолданылатын багажсыз тариф бойынша қосымша отыратын орынға билетті төлеуі тиіс. Оның құны қолда бар багажсыз тарифтің 100%-ын құрайды”, - деп жауап берді SCAT. Желі қолданушылары құралды багаж бөліміне жіберуден қорқып отыр. Өйткені ол зақымдалуы мүмкін. Бірақ домбыра билеті үшін 100 мың теңге немесе одан да көп төлеуге дайын емес екенін айтады. “Бір домбыра үшін 100 мың теңге бөлек орын сатып алу керек деп айтқылары келе ме? Сандырақ қой бұл. Не сұмдық?”, – деп жазды олар. Бұған дейін мәжілісмен Ринат Зайытов авиакомпаниялардан қазақтың ұлттық аспаптарын ұшақ бортында тасымалдауға рұқсат беруді талап еткен болатын. Айта кетейік, бұған дейін жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтқан болатын. Ақын бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да домбырамен ұшаққа отырған. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудырды. Оқиға туралы әуе компаниясы түсініктеме берді. Ережеге сәйкес, музыкалық аспапқа бөлек орын сатып алынатынын, алайда ақын тарапынан ол талаптың орындалмағанын мәлімдеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар