Жаңалықтар
"Шектеумен мәселе шешілмейді": Экс-депутат елімізде жезөкшелікті заңдастыру қажет екенін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 13 маусым, 2023
- 269
"Шектеумен мәселе шешілмейді": Экс-депутат елімізде жезөкшелікті заңдастыру қажет екенін айтты
Ресми ақпаратқа сүйенсек, эскорт қызметін ұйымдастырған қыз бойжеткендерге демеушілер табамыз, әлемді аралайсың және өміріңді жақсартасың деп уәде берген. Бір қызығы, ол өзі құрған ортаға көлденең кездескенді қоспаған. Топқа кіру үшін 300 доллар (шамамен 150 мың теңге) төлеу тиіс болған. Жеңгетай болған жап-жас қыз клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып, қалғанын қызмет көрсететін қыздарға беріп отырған.
Осылайша, ол бір жылдың ішінде 209 млн теңге табыс тапқан. Оның тіпті әлеуметтік желіде 100 мыңнан астам жазылушысы болған. Ал өңшең бай-бағландарға қызмет көрсетіп келген қыздар бір сағатқа 500 мың теңге алған.
Экс-депутат Айгүл Соловьева мұндай қыздардың қызметін жалдайтын адамдардың қатарында олигархтар мен шенеуніктердің болатынын айтады.
Жезөкшелік пен есірткінің бәрі бірдей екенін алға тартқан мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов мұны заң бойынша тәртіпке келтіру қажет деген ойын жасырмайды. Ал тағы бір депутат Ерболат Саурықов заңмен шектеу бұл адамның конституциялық құқығына қысым болады деп ойлайды
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз