БЖЗҚ инвестициялық табысы төмендеді: Негізгі факторлар қандай
- авторjambylinfo.kz
- 27 наурыз, 2025
- 308

Жыл басынан бері ЕНПФ салымшылары 370,56 млрд теңге жоғалтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаңтар-ақпан айларында зейнетақы активтерінің табыстылығы минус 1,64%-ды құрады, деп хабарлады қордың шолуында.
БЖЗҚ инвестициялық кірістің теріс болуына бірнеше негізгі себепті атады:
Валюта бағамының өзгеруі. Қаңтарда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 525,11-ден 518,14-ке, ал ақпанда 518,14-тен 499,22 теңгеге дейін нығаюы әсер етті.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың құнсыздануы. Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының нарықтық бағасы төмендеді. Бұл инфляция мен инфляциялық болжамдардың өсуіне, сондай-ақ Қаржы министрлігінің облигацияларды көптеп шығарғанына байланысты болды.
Дегенмен, ақпанда шетелдік нарықтарда сатып алынған активтердің бағасы өсіп, бұл портфельдің жалпы табыстылығына оң әсерін тигізді.
Қысқа мерзімді ауытқуларға қарамастан, соңғы 12 айда – 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың ақпанына дейін – инвестициялық кіріс көлемі шамамен 2,7 трлн теңгені құрады. Осы кезеңдегі табыстылық 13,74%, ал инфляция 9,4% деңгейінде болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақ балуандары Азия чемпионатын бес медальмен аяқтады
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 наурыз, 2025
Ерболат Досаев енді екі апта сайын Тоқаевқа есеп беретін болады
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 наурыз, 2025