жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Челси» финалға шықты

«Челси» финалға шықты
ашық дереккөзі
«Челси» финалға шықты
Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында өткен футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінде жергілікті «Челси» Мадридтің «Реал» клубын қабылдады. Пирней түбегінде өткен ойында қос команда 1:1 есебімен тең тарасқан болатын. Қарымта матчтың бірінші таймында алма-кезек шабуылдар ұйымдастырылып, солардың бірі нәтижелі аяқталды. Кездесудің 28-минутында Нголо Кантенің пасынан кейін Кай Хавертц допты Тибо Куртуадан асырған еді, ол маңдайшаға тиіп кері қайтты. Сол мезетте алғырлық танытқан Тимо Вернер допты торда тулатты – 1:0. Содан кейін де лондондықтар қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Қарсыластарына қарағанда ағылшындардың шабуылдары әлдеқайда өткір болды. Ал корольдік клубтың  ойыншылары жиі қателікке ұрынып, білгендерінен жаңылды. Екінші таймда алаң иелерінің басымдығымен өтті. 85-минутта қонақтардың қателігін пайдаланған Нголо Конте допты алған бетте алға екі-үш қадам жасады да Кристиан Пулишичке пас берді. Ол өз кезгінде Мэйсон Маунтты тапты. Ол мүлт кеткен жоқ – 2:0. Сөйтіп, Чемпиондар лигасының финалдық сайысында Англияның қос командасы күш сынасады. Көрермендер 29 мамыр күні «Манчестер Сити» мен «Челси» арасындағы матчты тамашалайды. Бұл кездесу Ыстанбұлдағы Олимпиадалық стадионында өтеді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар