Биыл елімізде 600 шақырымға жуық жол жөнделеді
Биыл еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 585 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілмек.
Батыс Қазақстан облысында күрделі жөндеуден өтетін 248 шақырым жол қамтылған: «Қазталовка-Жәнібек-Ресей шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын».
Алматы облысында «Алматы – Бішкек» (Алтын Орда) және «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасы» автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жол саласы қызметкерлері күрделі жөндеуді Қостанай облысындағы «Жезқазған – Петропавл» мен «Ресей шекарасы - (Екатеринбургке) – Алматы» тас жолдарында жүргізуде.
Павлодар облысында «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» және «Ленин – Ақсу – Көктобе – Курчатов» жол учаскелері жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Сонымен қатар биыл Солтүстік Қазақстандағы «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолы жөнделмек.
Айта кету керек, күрделі жөндеу жолдың барлық компоненттеріне ұзақ қашықтықта әсер етеді. Ол топырақты нығайтуға, ақауларды жоюға, дренаж жүйесін ретке келтіруге және жабынды жөндеуге мүмкіндік береді. Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша күрделі жөндеуден кейін 62 шақырым республикалық жол пайдалануға беру көзделіп отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
«Челси» финалға шықты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024