Жаңалықтар
Қырғызстандағы барлық билік президенттің уысында болады
- авторjambylinfo.kz
- 6 мамыр, 2021
- 313
Қырғызстандағы барлық билік президенттің уысында болады
Қырғызстанда халық қолдаған Ата заң бүгін күшіне енді.
Бір айта кетерлігі, ол қырғыз елінің Конституция күні мерекесімен тұспа-тұс келді.
Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров елдің жаңа Конституциясына қол қойды. Осылайша елдегі бар билік енді президенттің қолында болады. Бұдан былай Қырғызстанның сыртқы саясатына да, ішкі мәселелеріне де тек мемлекет басшысы ғана жауап береді. Үкіметті басқаратын да сол. Осылайша биліктің жіберген қателігі үшін кімнің жауап беретінін халыққа түсінуге жеңіл болады. Садыр Жапаров осылай деді. Жаңа Конституцияға сәйкес, президент бес жыл мерзiмге екі рет сайлана алады. Алдыңғы редакция бойынша мемлекет басшысы тек бір рет ғана 6 жылдық мерзімге сайланатын.
Садыр Жапаров, Қырғызстан президенті:
- Мен жұмысымды құқықтық жүйені реформалаудан бастаймын. Құқық қорғау құрылымдары мен сот билігі қырғызстандықтардың құқығын қорғаудың орнына адамдарды қорқыту құралдарына айналды. Әділетсіздік қоғамның бөлінуіне, мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне әкелді. Кінәсіздік презумпциясы адамның мүдделерін қорғаудың орнына айыптау жолында жұмыс істейді. Бұдан арылу қажет.
Парламент өкілеттігінің бір бөлігі президентке өтті. Мәселен, бұрын Жогорку Кенеш министрлерді ұсынып, талқылаудан кейін оларды тағайындайтын. Енді бұл президенттің өкілеттігі. Яғни министрлерді мемлекет басшысы тағайындайды. Ал парламент үміткерлерді мақұлдауға ғана құқылы.
Медеткан Шеримкулов, қоғам қайраткері:
- Қазір біз үшін ең бастысы экономиканы көтеру. Сонда өміріміз тұрақталады. Халыққа жолдауда айтылған сөзді жұрт түсінді деген үміттемін. Өйткені бізге қазір бірлік керек. Жаңа конституцияда бірлігіміз берік болу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Конституция күніне орайластырылған халыққа жолдауында президент Қарулы күштер үлкен өзгеріс қажет ететінін айтты. Садыр Жапаров осы реформада негізгі 2 бағытқа басымдық берілетінін жеткізді. Яғни әскер тау жағдайында ұрыс жүргізуге дайын әрі техникалық жағынан толық жарақтандырылған арнайы бөлімшелер қағидаты бойынша ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар Қырғызстан халық жасақтарын құруды қолға алады.
Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жүйе шекара маңындағы аудандарда тұратын халықтың мобилизациялануға әзірлігін қамтамасыз етіп, әскери қауіп-қатерлер мен шабуылдарға төтеп беруге мүмкіндік береді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала