дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дөңгелекті кардиологиялық кабинет ауылдық елді мекендерде болды

Дөңгелекті кардиологиялық кабинет ауылдық елді мекендерде болды
ашық дереккөзі
Дөңгелекті кардиологиялық кабинет ауылдық елді мекендерде болды
 Жамбыл облысының тұрғындарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының” кардиологиялық кабинеті ауылдарды аралап, халықты тегін медициналық-кардиологиялық тексерістен өткізді. Қыркүйек айында УДЗ құрылғысымен жабдықталған, кардиолог, балалар кардиологы, кардиохирургтен тұратын дәрігерлер бригадасы консультациялық, диагностикалық және кураторлық көмек көрсету үшін барлық аудандық емханаларға (10 аудан) барып, тұрғындарға 391 медициналық тексерістер жасап, кардиологиялық ақауы барларға өздеріне немесе тіркелген емханасы бойынша емделуге жолдама берді.  width=  width= Тексерілген 391 адамның ішіндегі - 98-і - ишемиялық дертке шалдыққан болса, 119-ы - артериялық қан қысымы, 54-і - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ауруына ұшырағандар. Коронаграфияға барлығы -76, оңалтуға - 4, тексеруге -46 адам жіберілді, сондай-ақ, хирургиялық емдеуге-6, ICD – 6, LVAD-2 имплантациясы ұсынылды. Әрі қарай емдеу, бақылау бойынша ұсыныстар пациенттердің қолына берілді.  width= Бүгінде облыстың барлық аудандық емханаларында жүрек ауруын анықтауға қажетті кардиостандарттар жеткілікті: ЭКГ құралы, жүректің УДЗ аппараты, Тредмил тесттер (жүгіру жолы), ХолтерЭКГ, СМАД тәуліктік мониторингтері. Дегенмен, орталық мамандары ауылдықтарға қосымша көмек көрсету үшін осылай тұрақты медициналық тексерулер жүргізіп отыратындығын хабарлайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар