Семейде «елес» қыз ұсталды
Семейде «елес» қыз ұсталды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат. сайтына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні кешке қаладағы жерасты өткелдерінің бірінде болған. 22 жастағы қыз «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан.
Полицейлер қоғамдық орында қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, сырт келбетімен өтіп бара жатқандарды шошытып жүрген тұрғынды анықтады.
Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Семей қаласы полиция басқармасы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауды сұрайды.«Оның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін материал жиналды», - деп түсіндірді полицейлер.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025