дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия ойындары: Бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы «алтынға» таласады

Азия ойындары: Бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы «алтынға» таласады
ашық дереккөзі
Азия ойындары: Бүгін Қазақстан құрамасынан екі боксшы «алтынға» таласады
Бүгін, 5 қазанда Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан екі боксшы алтын медаль үшін жұдырықтасады. Жамбылинфо бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана уақытымен сағат 17:00-де Карина Ибрагимова шаршы алаңға шығады. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында тайваньдық Тинг Ю Линмен кездеседі. Сағат 19:15-те ерлер арасында аса ауыр салмақтағы жекпе-жек өтеді. 92 келіден жоғары салмақтағы финалдық кездесуде Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасады. Ел спортшылары қатысатын екі финалдық жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Айта кетейік, Азия ойындарының финалына жолдама алған Карина Ибрагимова бұған дейін солтүстіккореялық Джин Хянг Пэкті, моңғолиялық Намуун Монхорды және Тәжікстан өкілі Мижгона Самадованы жеңді. Турнир барысында Қамшыбек Қоңқабаев Бахрейн боксшысы Данис Латыпов пен үндістандық ауыр салмақтағы боксшы Нарендерді жеңді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар