жұма, 22 қараша, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Дәрібаевтар» отбасылық ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды

«Дәрібаевтар» отбасылық ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев қайтыс болды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Қаралы хабарлы композитор, журналист Бекжігіт Сердәлі хабарлады

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар  «Дәрібаевтар ансамблінің жетекшісі әрі солисті Ибрагим Дәрібаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақ эстрадасында «Жас жұбайлар», «Аман бол», «Оқ сияқты», «Нұрлы арман», «Айтшы жаным», «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым...  Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз, – деп жады ол.

Айта кетейік, Ибрагим Дәрібаев 1959жылы ОҚО Ленгір ауданы Ақбастау ауылында туған. 1977-81 ж. КазХТИ механика мамандығын оқыды. 2008 ж. Қаскелең музыка колледжін Халық аспаптар оркестрі мамандығы бойынша білім алған. Марқұм "Дәрібаевтар" отбасылық ансамблін 1990 жылы Шымкент қаласында құрған. 1991 ж. "Жас Қанат" конкурсының дипломанты. 1993 ж. "Отбасылық" ансамбльдер конкурсының жеңімпазы. 2006 жылдан бері "Дәрібаевтар" ансамблі Алматыға қоныс аударып, өз өнерлерін халыққа көрсетіп келе жатыр.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар