сенбі, 2 қараша, 2024 19:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ДӘРІГЕР ҚАРБЫЗДАҒЫ НИТРАТ МӨЛШЕРІН ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ДӘРІГЕР ҚАРБЫЗДАҒЫ НИТРАТ МӨЛШЕРІН ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ
ашық дереккөзі
ДӘРІГЕР ҚАРБЫЗДАҒЫ НИТРАТ МӨЛШЕРІН ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ
Жайдары жаз мезгілі де келіп жетті. Дүкен сөрелерінен көпшіліктің сүйікті жемісі қарбызды көптеп кездестіре бастадық. Алайда тәтті жидекті сатып алуға асықпаңыз. Себебі қарбыз пісетін уақыт әлі келген жоқ. Осы тақырып аясында  біз,  Меркі ауданы «Мейірім» орталығының инфекционист, терапеві Ордабаева Толқынай Берікқызымен сұхбаттастық. -Толқынай ханым, қарбызды қай айдан бастап тұтынған дұрыс?
Негізінен қарбыздың өзі тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында толық табиғи жолмен пісіп жетіледі. Барынша осы уақыт аралығында тұтынған дұрыс.
-Қарбыздан уланудың түрлері және белгілерімен таныстыра өтсеңіз?
Біз, дәрігерлер жаз айында балалардың және үлкендердің қарбыздан улануын жиі байқаймыз. Оның төрт себебі бар. Бірінші себеп - гербицид пен пестицидтердің болуы. Осының салдарынан инфекцияның қозуына әкеледі. Екінші себеп - нитраттың өз мөлшерінен асып кетуі. Үшінші себеп - қарбызды көп тұтыну. Қарбыздың кұрамындағы өзегі (клетчатка) жиі іш өтуге себепші болуы ықтимал. Кәдімгі адам үшін бір күндік норма 500 грамм, 4-6 жастан асқан балаларға 150 грамм. 2 жасқа толмаған бөбектерді қарбызға жолатпаңыз. Төртінші себеп – қарбызды сақтау және жеткізу ережесінің бұзылуы. Уланған адамда іш өту, жүректің айнуы, тамақты қорытудың қиындауы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі байқалады, ал ауыр жағдайда еріннің көгеруі мен ентігу кездеседі.
-Уланған кезде адамға қандай көмек көрсету керек?
Әр адамның ағзасы әртүрлі. Сондықтан бір кісіде улану тез байқалса, екінші кісі жеңіл қабылдайды. Адам өзін жайсыз сезінгенде, бірінші ұялы телефонмен жедел жәрдемге хабарласқан жөн. Сосын ауру адамға асқазан ішек жолдарын жууға көмектесіңіз. Суға марганцовканы қосып,  ерітінді қызғылт түске айналғанша араластырып, уланған кісіге ішкізу керек. Үйде іш құрылысының жұмыс істеуіне көмектесетін дәрі болса, соны беруге болады. Мүмкіндік болса алғашқы белгілері байқалғанда клизма жасаған дұрыс.
-Қарбызды қандай ауруы бар адамдарға тұтынуға болмайды?
Аллергиясы бар балалар, 2 жасқа толмаған бөбектер, қант диабеті, бүйрегі ауыратын, асқазан ауруы бар, ұйқы безі бұзылған, жүрегі нашар жұмыс істейтін кісілерге қарбызды жеуге болмайды. Бүйрегі ауыратын кісілер қарбызды мөлшерінен көп тұтынса, ісіну байқалып, кейінен жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі. Қазіргі статистика бойынша елімізде қант диабетіне шалдыққандар саны көп. Бұл адамдар қарбызды барынша аз тұтынғаны дұрыс. Оның құрамындағы фруктоза қандағы қант мөлшерін арттырып, науқас жағдайының нашарлауына себепші болады.
-Қарбыздағы нитрат мөлшерін қалай анықтауға болады?
Дүкенге ерте түскен қарбызда нитрат мөлшері жоғары болады. Жалпы нитрат мөлшері 100 грамға 50-55 миллиграмм сай келуі қажет. Азотты тыңайтқыштарды өсімдік тез өсіру үшін қосады. Сатып алғаннан кейін қарбыздың бір бөлшегін кесіп алып, оны суға салып қойыңыз. Су бұлыңғыр болса, қарбызда нитрат жоқ. Ал егер судың түбінде тұнба пайда болса, қарбыз нитратпен өсірілген.
-Қарбыз таңдауда нені ескеруіміз қажет?
Біріншіден, қарбыздың құйрығы сарғыш болса, оның қалыпты уақытымен өскенін білдіреді. Екіншіден, қарбызды тек таза жерден немесе дүкеннен алыңыз. Себебі бұл сақтау ережесінің қарастырылғанын көрсетеді. Үшіншіден, қарбызды үйге әкелгеннен кейін, тазалап жуып, жарты сағатқа суға салып қойыңыз. Бұл жол бойында тұрған жидекті ауыр металдардан арылуға көмектеседі. Төртіншіден, дәнегін жемеңіз. Қарбыздың дәнегі мен мәйегінде ауыр металдар, нитраттар жиналады.
 

М.Х.Дулати атындағы

                                                                                                                                              Тараз өңірлік университеті

Конвергенттік журналистика мамандығының

3 курс студенті

Әбдіқайымова Жанел

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар