Жаңалықтар
Қытайлар Жамбыл облысында пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салады
- авторjambylinfo.kz
- 19 маусым, 2023
- 337
Қытайлар Жамбыл облысында пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салады
Қытайлар Жамбыл облысында пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салады, деп хабарлайды Жамбылинфо BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.
Айтуынша, биыл 93,3 млрд теңге сомасына қуаттылығы 104,1 мың тонна жемістер мен көкөністерді өндіретін 30 жобаны іске асыру жоспарланған.
Келіссөздер барысында ірі қытайлық Wanlin Group Limited компаниясымен пияз өндіруде көшбасшы Жамбыл облысында сусыздандырылған көкөністер: пияз және сарымсақ шығаратын зауыт салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Жобаны 5 жыл ішінде үш кезеңде іске асыру жоспарланып отыр, ал инвестициялардың жалпы көлемі 30 млн доллар. Жобаның қуаттылығы бойынша жылына 5-7 мың тонна сублимациялық пияз және сарымсақ өңдейді, - деп атап өтті ведомство басшысы.Инвестор Жамбыл облысының үш ауданында пиязды пилоттық отырғызып үлгерген.
Егінді сынау нәтижелері күтілуде. Сондай-ақ Тамақ және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасының, қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды және көкөніс сақтау орындарын салу мен жаңғырту жөніндегі іс-шараларды одан әрі іске асыру жоспарланып отыр. Осы іс-шараларды іске асыру өңдеу өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға және олар бойынша импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, - деді Ербол Қарашөкеев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз