Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының президенттігінен кетті
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
- 210

Танымал спортшы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының (UWW Asia) президенті қызметінен ресми түрде кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл жаңалықты спорт журналисі Назерке Сұлтанбек өз Telegram-арнасында жариялады.
"2017 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында Дәулет аға президент болып сайланған сәтте мен де сол жерде болдым. Сол кезде қазақ жанкүйерлері ерекше қуанып, құттықтағаны есімде. Тіпті, біраз уақыт Азия күрес федерациясында жұмыс істегенім де бар. Бұл жеңіс отандық күрес спортына жаңа серпін беретіндей көрінген еді. Дәулет Тұрлыханов осы қызметті екі мерзім, яғни 8 жыл бойы атқарды. Бүгін Амманда (Иордания) басталған Азия чемпионаты қарсаңында Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды", – деп жазды ол.
Бас ассамблеяның шешімі бойынша, енді Азия күрес федерациясының жаңа басшысы ретінде иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала тағайындалды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
- авторМағжан Орынбасар
- 2 наурыз, 2025