сенбі, 17 мамыр, 2025 15:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутаттар мен Вице-министр «ОРЦ Тараз» көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты

Депутаттар мен Вице-министр «ОРЦ Тараз» көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты
Фото: Jambylinfo.kz
Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев және Мәжіліс депутаттары «ОРЦ Тараз» көтерме-тарату орталығына барып, орталықтың қызметімен танысты.

Халық қалаулыларын орталықтың құрылтайшысы Алтай Заутбекұлы Карабеков қарсы алып, инфрақұрылым, логистикалық мүмкіндіктер мен аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орталықтың рөлі жөнінде толық ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«ОРЦ Тараз» – ауыл шаруашылығы өнімдерін жинақтап, сақтау және аймақтық нарыққа тиімді таратуға арналған заманауи кешен. Мұнда салқындатылған сақтау қоймалары, жүк түсіру мен жөнелту алаңдары, сондай-ақ өнім сапасын бақылау жүйелері қарастырылған.

Кездесу барысында делегация орталықтың ішкі жұмыс процесімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға тікелей жеткізу тетіктерін, фермерлермен өзара әрекеттесу мен логистика саласындағы тиімді шешімдерді талқылады.

Парламент депутаттары мен Вице-министр «ОРЦ Тараз» секілді орталықтардың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін күшейтудегі маңызын ерекше атап өтті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар