Депутаттар "DAS" жеке кәсіпкерлігінде болып, шұжық шығаратын цехтың жұмысымен танысты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2025
- 179

Кәсіпорын басшысы, қожалық директоры Қанаиым Қыдырбаева өндірістік цехтың негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол өндірістік үдерістің әр кезеңін көрсетіп, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі толық цикл туралы егжей-тегжейлі баяндады. Шұжық өнімдері санитарлық талаптарға сай, тұтынушылар сұранысын ескеріп шығарылады.
"DAS" жеке кәсіпкерлігі ет өнімдерін, соның ішінде түрлі шұжық түрлерін өндірумен айналысады. Кәсіпорын базасында қазіргі заманғы технологиямен жабдықталған өңдеу цехы жұмыс істейді. Мұнда жоғары сапалы, табиғи өнім дайындау басты басымдықтардың бірі саналады.
Мәжіліс депутаттары цех жұмысымен танысып, дайын өнімнің дәмін татып көрді. Олар кәсіпорынның сапаға мән беріп отырғанына ерекше тоқталып, өңірлік азық-түлік қауіпсіздігіне қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 24 мамыр, 2025