бейсенбі, 15 мамыр, 2025 15:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда депутаттар былғары және аяқ киім шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты

Таразда депутаттар былғары және аяқ киім шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты
Фото: Jambylinfo.kz
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев және Мәжіліс депутаттары «Тараз КожОбувь» ЖШС-не барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты.

Делегацияны компания директоры Еркін Абдыбаев қарсы алып, қонақтарға былғары және аяқ киім өндірісінің технологиялық үдерістері, кәсіпорын қуаттылығы мен нарықтағы орны туралы толық ақпарат берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кәсіпорын жергілікті шикізатты өңдеп, сапалы былғары мен аяқ киім өнімдерін шығарады. Зауытта өндірістің заманауи технологиялары қолданылады және дайын өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталған.

Кездесу барысында делегация мүшелері жұмыс барысымен танысып, тігін және тері өңдеу цехтарын аралап көрді. Сонымен қатар, отандық өндірісті дамыту, жеңіл өнеркәсіп саласын қолдау мен жұмыс орындарын ашу мәселелері де талқыланды.

Парламент депутаттары кәсіпорын жұмысына жоғары баға беріп, мұндай нысандардың аймақтық экономика үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар