жұма, 16 мамыр, 2025 10:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутаттар су үнемдеу технологиясын дамыту жобасымен танысты

Депутаттар су үнемдеу технологиясын дамыту жобасымен танысты
Фото: Jambylinfo.kz
Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаттары су үнемдеу технологияларын дамыту бағытында жұмыс істейтін "Kazkaspi Hydro" компаниясының жобасымен танысты.

Компания тамшылатып суару жүйелеріне арналған заманауи жабдықтар өндіреді. Бұл технология ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалануға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жоба құны – 2,8 миллиард теңге. Кәсіпорын жылына 20 мың гектарға дейінгі алқапты тамшылатып суаруға қажетті жабдықтар шығаруға қауқарлы. Қазіргі таңда мұнда 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал өндіріс толық қуатына шыққан кезде жұмыс орындарының саны екі есеге артатын болады.

Нысанда қонақтарды "Kazkaspi Hydro" ЖШС директоры Фу Бинь қарсы алып, зауыттың мүмкіндіктері мен өндіріс процесі туралы толық ақпарат ұсынды. Ол өндірілетін жабдықтардың сапасы мен ауыл шаруашылығы саласындағы маңызына ерекше тоқталды.

Депутаттар өз кезегінде су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізудің маңыздылығын атап өтіп, бұл жобаның ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына оң әсер ететінін айтты.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар