
Бұл қағиданы берік ұстанған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінің қызметкерлері сенбілік жұмыстарында ерекше белсенділік танытып келеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Апта сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан сенбіліктердің басты мақсаты – мекеме айналасын ғана емес, жалпы қоршаған ортаны көгалдандырып, көркейту. Бұл шаралар табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам болумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлес қосуда.
Қызметкерлердің бұл бастамасы – әрбір азаматқа үлгі. Өйткені туған жер – тек мекен ғана емес, ол – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі. Табиғатынан қуат алатын адам өзінің ауласын, қоршаған ортасын таза ұстап, қамқор болуға тиіс.
№58 мекемесі қызметкерлерінің бұл игі ісі – тазалыққа, тәртіпке, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Олар сенбіліктер арқылы тек аумақты ғана емес, қоғамның экологиялық санасын да жаңғыртып келеді.