сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 15:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иранда жойқын жарылыс болды

Иранда жойқын жарылыс болды
qazaqparat_kz
Жарылыстың салдарынан 406 мың адам зардап шеккен

Бүгін Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас портында жарылыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Иранның Fars агенттігінің мәліметі бойынша, порт қызметкерлері жарылыс болғанда оқиға орнында қанша адам болғанын айта алмаған, бірақ жарақат алушылар көп екеніне сенімді, тіпті арасында қаза тапқандар да болуы мүмкін.

Бұл жарылыс жанар-жағармай резервауарынан басталған өрттен болуы мүмкін. Fars мәліметтері бойынша, жарылыстың күшті болғаны соншалықты, тіпті Бендер-Аббас портынан кемінде 20 шақырым жерде орналасқан Парсы шығанағындағы Кешм аралындағылар да естіген. Жарылыс бірнеше шақырым радиустағы терезелерді де сындырған.

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар