Депутаттар Жеңіс парадына дайындық барысымен танысты
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 сәуір, 2025
- 158

Мәжіліс депутаттары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындықты көру үшін Астанадағы далалық лагерьге барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуге Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Болат Керімбек, Максим Рожин және Олжас Құспеков қатысты. Олар парадқа қатысатын әскери қызметшілермен жүздесіп, тұрмыстық жағдайды тексерді.
Сондай-ақ парадқа қатысатын қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің әскери киім үлгілерімен танысты.
Биыл - біз Жеңістің 80 жылдығын бүкіл елімізбен бірге атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға болғандықтан, парадқа дайындықты өз көзімізбен көру үшін келдік. Далалық лагерьде жаңа типтегі шатырлар орнатылып, әскери техника парадқа дайын.
Ең бастысы, біз сарбаздар үшін барлық жағдайлар жасалғанына көз жеткіздік. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, тек ауа райы қолайлы болса екен, – деп атап өтті депутат Айдос Сарым.