Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының басшысына сот үкімі шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 сәуір, 2025
- 226

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
“Ағымдағы жылдың 31 наурызында Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды. Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлайды Антикор хабарламасында.
Сонымен қатар, Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы анасы туралы әсерлі жазба қалдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
Су мен оттан сақтан: Жамбылдағы алдын алу жұмыстары
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025