ДІНИ КІТАПТАРҒА САРАПТАМА ЖАСАЛДЫ
Тараз қаласы түзеу мекемесінде 573 діни әдеби кітаптарға сараптама жасалды. Жамбыл облыстық Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Сержан Күлтаевтың қатысуымен, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің кітапханасында тиым салынған діни әдебиеттерді болдырмау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген діни сараптаманың нәтижесінде діни мазмұндағы кітаптар мен ақпараттық материалдардың Құран мен сүннетке сай екендігі, әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына үйлесімді екені белгілі болды.
Жалпы,түзеу мекемесінде қолданылатын діни кітаптардың мазмұны жіті қадағаланып отырады. Діни әдебиеттердің ел тұтастығы мен татулығын сақтауда, діни радикализмнің таралуын және діни эктремизм мен терроризмнің алдын алуда діни әдебиеттердің қажеттілігі әрі маңыздылығы есепке әрқашан есепке алынады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ақтөбеде қабаған ит екі балаға шабуылдады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025