Жаңалықтар
Облыс әкімі шекарашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 18 тамыз, 2022
- 267
Облыс әкімі шекарашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Биыл шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр.
Осынау жылдар белесінде еліміздің шекара қызметі нығайып, жетіле түсті десек артық айтпаймыз. Оған сала ардагерлері мен бүгінгі өздеріңіздей шекарашылардың қосқан үлесі зор. Кез келген елдің дамуының, алға қарай өркендеуінің негізі – тыныштық, бейбіт тіршілік. Шекарасы, қауіпсіздігі, қорғанысы, ішкі тұрақтылығы берік ел ғана – ертеңге нық қадам жасап, болашағын бағдарлап, тұрмысың түзей алады. Бүгінде еліміздегі, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Бұл орайда ҰҚК шекара қызметіне артылған сенім мен жауапкершілік жүгі жеңіл емес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен еліміздің қауіпсіздік саласына айрықша көңіл бөлініп, тиісті жағдайлар жасалып, оң өзгерістер орын алуда. Жергілікті билік те бұл тұрғыда барынша жағдай жасауға мүдделі. Айбынды әскеріміз, қырағы қорғаушыларымыз бар кезде бейбітшілігіміз баянды болады деп сенемін.
Сіздердің барлық кәсіби дағдыларыңыз нақты жауынгерлік іс-әрекеттерде емес, оқу-жаттығуларда қолданылсын. Барлықтарыңыздың отбасларыңызға амандық, мықты денсаулық, қызметтеріңізге абырой тілеймін!
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ДІНИ КІТАПТАРҒА САРАПТАМА ЖАСАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025