жексенбі, 22 маусым, 2025 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды

Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҰОК
Сергей Дроздовтың бас хатшы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференциясы барысында ұйымның бас хатшысы қызметіне жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Дмитрий Баландиннің тағайындалуы – оның спорттағы орасан зор жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар федерацияны жаңғырту мен институционалдық тұрғыдан нығайтудың маңызды қадамы. Біз оның кәсібилігі мен беделі еліміздегі су спорты түрлерінің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз", – деді Федерация президенті Нұрлан Жақыпов.

Дмитрий Баландин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2021 жылдан бастап ол жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушы және кеңесші ретінде белсенді жұмыс істеп келеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар