Жаңалықтар
Допинг дауы: Қазақстанның Олимпиада жүлдегері 8 жылға спорттан шеттетілді
- авторjambylinfo.kz
- 22 ақпан, 2023
- 195
Допинг дауы: Қазақстанның Олимпиада жүлдегері 8 жылға спорттан шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді.
Сон 2030 жылдың наурыз айының соңына дейін ешбір жарысқа қатыса алмайды. Дисквалификация 2022 жылдың наурыз айынан есептеледі.
Допингке қарсы орталықтың мәліметінше, Игорь Сонның ағзасынан метастерон табылған.
Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болған. Сонымен қатар ол 55 келіге дейінгі салмақта 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз