дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Украинадағы соғыс: БҰҰ опат болған бейбіт тұрғындар санын жариялады

Украинадағы соғыс: БҰҰ опат болған бейбіт тұрғындар санын жариялады
ашық дереккөзі
Украинадағы соғыс: БҰҰ опат болған бейбіт тұрғындар санын жариялады
Ресей Украинаға басып кіргелі елде 8000 бейбіт тұрғын қаза тапты.  
8,3 млрд теңге залал: халық қаржы пирамидаларына ақша салуды тоқтатар емес
Мұндай статистиканы БҰҰ адам құқығы жөніндегі басқармасы жариялады. Басқарма мәліметінше, соғыс құрбандарының көпшілігі кең радиусты жарылғыш қарудан қайтыс болған. Оның ішінде артиллериялық снарядтар, қанатты және баллистикалық ракеталар мен әуеден жасалған соққылардан зардап шеккен. Жарақат алғандары саны 13 мыңнан асады. Айта кетейік, 24 ақпанда Украинадағы соғыстың басталғанына 1 жыл толады. Осыған орай Қазақстандағы тіркелмеген Демпартия басшысы Жанболат Иманбайдың жары, журналист Инга Иманбай пикет өткізетінін мәлімдеді. Оның пікірінше, 24 ақпан – бұл Украина үшін ғана емес, тәуелсіз және гүлденген мемлекетте өмір сүргісі келетін Қазақстан азаматтары үшін де маңызды күн.
“Егер Украина құласа, агрессордың шабуылына тойтарыс бере алмаса, онда бұл біздің жағдайымызға да әсер етері сөзсіз. Сондықтан, осы оқиғаларға деген көзқарасымды білдіру міндетім деп есептеймін”, – деді журналист.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар