бейсенбі, 29 мамыр, 2025 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Егінжай күні: Байзақ ауданында ғылыми семинар өтті

Егінжай күні: Байзақ ауданында ғылыми семинар өтті
Мағжан Орынбасар
Жиында бірқатар баяндама жасалды

Байзақ ауданында  “Ауыл шаруашылығы саласын дамыту” тақырыбында эксперттік ғылыми семинар өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ауқымды шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, асыраушы саланың шаруашылық институттарының өкілдері мен жергілікті шаруалар қатысты. 

Алдымен қонақтар ауыл шаруашылығы техникалары, су үнемдеу техникалары, тыңайтқыш, тұқым және қайта өңдеу  өнімдері көрмесімен танысты.

Басқосуда бірінші болып сөз сөйлеген министр салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілетін субсидия көлемінің өскенін атап өтті.

Мәселен, көктемгі және күзгі егін жұмыстарына еліміз бойынша биыл 700 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек жеңілдетілген несиені алу талаптары да жеңілдеген.

Бұдан соң«Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаев,  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов және бірқатар ғылыми институттың директорлары баяндама жасап, ой-ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген шаруашылық иелері марапатталды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар