жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
ашық дереккөзі
Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 14-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен кездесті. Бірінші партия аяғына таман брейк жасаған америкалық спортшы басым түсті – 7:5. Екінші сетте есесіне қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2. Үшінші, шешуші партияда да Е.Рыбакина қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 4:1. Тағы бір брейк – 5:1. Бұдан кейін қарсыласы есепті қысқартқанымен, Елена екінші рет матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3. Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 14 эйс жасап, 17 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Д.Коллинз 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. Е.Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 69-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен таласады. М.Костюк дүниежүзілік рейтингте 162-сатыда тұрған аустралиялық Джейми Форлисті тізе бүктірді – 6:1, 3:6, 6:4. Жүлде қоры 826 327 АҚШ долларына бағаланған турнир 8 қаңтарда мәреге жетеді. Өткен жылы осы додада Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, онда әлемнің сол кездегі 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартиге жол берген еді. Э.Барти 2022 жылы спорттық мансабын аяқтағандықтан, биыл жаңа чемпион анықталады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар