Жаңалықтар
Петропавлда 19 жастағы бойжеткен өртенген үйде қалып қойған ер адамды құтқарды
- авторjambylinfo.kz
- 2 қаңтар, 2023
- 236
Петропавлда 19 жастағы бойжеткен өртенген үйде қалып қойған ер адамды құтқарды
Петропавлда 1 қаңтар күні кешке тұрғын үй өртенді. Оның иесі өртте қаза тапты, үйдегі екінші адамға 19 жастағы қыз сыртқа шығуға көмектесті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмысшылар ауылында жекеменшік баспана өртенген.
Жалынды толығымен сөндіруге бір сағат уақыт кетті. Құтқарушылар оқиға орнынан 33 жастағы үй иесінің денесін тапты.
Өрт салдарынан тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды.
Петропавлдық 32 жастағы ер адам қолы мен басынан жеңіл күйік алған, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
Оны өрттен сол көшеде тұратын 19 жастағы Мария Симонова аман алып қалды.
Үйден шыққан түтінді бірінші байқаған ол жанып жатқан үйге қарай жүгірген.
Есікті ашқанда, сыртқа шығу үшін есікке қарай еңбектеп жатқан адамды көрді. Бойжеткен оған көмектесіп, өрт сөндірушілерді шақырды.
Баспасөз қызметі департаментте қызды марапаттау мәселесін қарастырып, оның батыл әрекеті туралы ақпаратты колледж басшылығына міндетті түрде жеткізетініне уәде берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз