дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 15 мың зиянды сайт пен сілтеме бұғатталды - Бас прокурор

Елімізде 15 мың зиянды сайт пен сілтеме бұғатталды - Бас прокурор
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Берік Асыловтың айтуынша, балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырып отыр

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов прокурорларға балалар арасындағы суицидке қатысты әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бас прокурор бұл туралы желідегі парақшасына жазған. 

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады.
Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз", - деп жазды Берік Асылов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар