дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шудағы заманауи қондырғылармен жабдықталған аурухана халыққа лайықты қызмет көрсетіп жатыр

Шудағы заманауи қондырғылармен жабдықталған аурухана халыққа лайықты қызмет көрсетіп жатыр
Ашық дереккөз
Аурухана тарихы сонау 1929 жылдан бастау алады.

Кез келген мемлекеттің алғашқы орында алаңдататын мәселесі халықтың денсаулығы екендігі баршамызға мәлім. Мемлекеттің басты капиталына баланатын адам өмірінің қауіпсіздігі, саулығы қай елде болса да бірінші кезекте тұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Денсаулық сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда» деген сөзі мәселенің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 

Шу қалалық ауруханасы екі денгейдегі медициналық көмек көрсететін кәсіпорын. Жақында 3 жыл мерзімге 2 санатты аккредитеуден өтті.

 

Ерекше медициналық көмек көрсету әлемдегі ең жақсы ауруханалардың бірі болып саналғысы келетін кез келген аурухана үшін маңызды. Пациенттердің қауіпсіздігіне, сапалы күтімге және оң нәтижелерге басымдық беретін ауруханалар әдетте тізімде жоғары орын алады. Сондай ауруханалардың бірі – Шу қалалық ауруханасы. Ол аудан және қала тұрғындарына 94 жылдан аса қызмет көрсетіп келеді.

Аурухана тарихы сонау 1929 жылдан бастау алады.  Шу стансасында шағын қалалық аурухана болып ашылып, бастапқыда хирургиялық және терапиялық екі бөлімше ғана болған. Жылдар өте қала тұрғындарының саны ұлғайып, Шу стансасы тоғыз жолдың торабындағы үлкен қалаға айналды.

1976 жылы қалалық медициналық ұйымдар бірлестік  ұйымдастырыпты.Бірлестік қаланың 2 жерінде орналасқан. Косқұдық бөлімшесінде 70 төсек-орындық қалалық аурухана емханасымен жұмыс жасаған. Құрамында ішкі аурулар, балаларға және жұқпалы ауруы бар науқастарға арналған бөлімшелер болған. Қант зауыты аумағында қант зауытың емханасы және ауруханасы жұмыс жасаған, құрамында хирургия, перзентхана бөлімшелері барлық тұрғындарға медициналық көмек көрсеткен.

1979-2023 жылдары аралығында аурухана 8 рет реформалардан өтіпті. 5 жыл орталық аудандық аурухана ретінде, 2 жыл аумақтық медициналық орталығы, 3 жыл аудандық медициналық бірлестік болып қызмет жасаған. Аурухананы 2023 жылдан бастап Дәулет Ахметбеков басқарады. Дәулет Хамитұлы 1983 жылы 27 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келген.2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандағы бойынша аяқтапты.

-2002 жылдан бері аурухана қайта 225 төсек орындық қалалық ауруханаға болып қызмет жасауда. Бүгінгі таңда аурухана заманауи көпсалалы мамандандырылған мекеме. 2009 жылдан бері кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында. Ауруханада 2011 жылдан бері ауданаралық 40 төсек орындық жарақат және ортопедия бөлімшесі жұмыс атқаруда. Сүйек сынықтарына және ми жарақаттарға күрделі заманауи оталар жасалынады. 2010 жылдан бері жамбас буындарына эндопротездеу оталары еңгізілген.

2006 жылдан бері «KARL STORZ» лапароскопиялық кешенінде хирургиялық оталар жасалуда.2020 жылы мемлекеттік – жекеменшік әріптестік серіктестіктің инвестициясы арқылы «Siemens» компаниясының 64 кесінді компьютерлік томограф құрылғысы алынып, жұмыс жасауда.Сол жылдың қараша айынан бастап облысымыздың оңтүстігінде  3-ші аймақтық инсульт орталығы ашылып, Шу және Мойынқұм ауданының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуде.

Сонымен қатар, осы ашылған ауданаралық бөлімшелер қызметтері арқылы ауыр инсультке, жарақатқа шалдыққан науқастар сапалы және жоғары деңгейдегі медициналық көмекті жақын жерден, уақтылы алып отыр. Бұрын осы диагноздармен науқастар 265 км қашықтықтағы облыс орталығына барып жүгінетін.

Жедел медициналық көмек науқастарға 1сағат аралығында көрсетіледі. Яғни ауруханамызда  «Алтын сағат» қағидасы сақталған. Аурухана 170 төсек орынды құрайды. Оның ішінде 15 төсек орын күндізгі стационар.Көрсетілетін медициналық көмектің түрлері сан алуан. Паллиативтік көмек, медициналық оңалту және қайта қалпына келтіру, тәулік және тәулікті алмастыратын деген секілді көмектің түрлері бар.

Жыл сайын ауруханада 900-ден астам науқас емделіп - сауығып шығады, 1500 азаматқа әртүрлі оталар жасалады. 1000-ға жуық әйел босанады. Жарақат алған науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Оның ішінде 82 пайыз заманауи оталар жасалады.Тәулік бойы тұрғындарға қабылдау бөлімшесі қызмет жасайды, - дейді аурухана басшысы Дәулет Ахметбеков.

Расында ауруханада 24/7 қағидасы бойынша зертхана, 2 оталық бөлме, жансақтау бөлімшесі мамандандырылған медициналық қызмет көрсетеді екен.Ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге барлық мүмкіншіліктер толықтай ұйымдастырылған. Ауруханада инноваяцилық жұмыстар жүргізулуде. Жаңа емдеу әдістері, оталар, зерттеулер және жаңалықтар еңгізу қолға алынғаны көрініп тұр. Айтуларынша біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, оқулар, жаттығулар үнемі өткізіліп, қызметкерлер мамандардырылуда.

 

Шу қалалық ауруханасы республика бойынша 98 көпсалалы қалалық ауруханалар арасындағы рейтингте 6-7 орынға ие. 2023 жылдан бері 6 бейінді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері арқылы 12 төсек-орындық медициналық оңалту және қайта қалпына келтіру бөлімшесі ашылып,аудан тұрғындарына қызмет жасауда екен.

- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қабылданған шешімдерге сәйкес жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтерілетін болады.Тарифтердің көтерілуі азаматтардың медициналық көмек алуға арналған қалта шығыстарын азайтуға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жиналған инфляциялық шығындарды өтеуге және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология және ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты бірқатар басқа бағыттар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда, - дейді аурухана басшысы Дәулет Ахметбеков.

 

2024 жылдан бастап Шу қалалық аурухананың төсек бейінінің құрамы 228 төсек болыпты. Алдағы уақытта көпсалалы орталық аудандық аурухана болып қайта құрыламыз деп отыр. Ангиограф сатып алып, тері арқылы коронарлық араласулар орталығы орналастырылады деген жоспарлары бар. Алайда ауруханада акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог дәрігерлер жетіспеушілігі бар екен. Бұл олқылықтың да орны жақында толады деген үмітте.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар