Елімізде әрбір блогер тоғыз айда 1,2 млрд теңге салық төледі
- авторjambylinfo.kz
- 29 қазан, 2024
- 226
Қазақстанда блогерлер тоғыз айда 1,2 млрд теңге салық төлеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміз бойынша ресми түрде 745 блогер тіркелген. Олар осы жылдың 9 айында мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық төлеген.
Ведомство мәліметінше, егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса немесе оның жылдық табысының мөлшері ең төменгі жалақыдан асса жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
"Жалпы, отандық блогерлердің көпшілігі қазірдің өзінде кәсіпкер саналады және қолданылатын салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Мәселен, соңғы 9 айда олар 1 млрд 226 млн теңгеден астам сомаға салық төледі", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз