сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 8:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді

Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға 500 млрд теңге бөлінеді
Фото: istockphoto.com
Оның ішінде Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 млрд теңге бөлінеді

Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ол 2025 жылдың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 млрд теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталатынын атап өтті.

Атап айтқанда:

21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алу үшін 300 млрд теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 120 млрд теңге;

Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 млрд теңге бөлінеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар