Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қауіпті вирус табылды.
Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан ауруы шығып, карантин жарияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды.
Күйдіргі жұқтырған 4 сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада кездеседі. Қарасан анықталған "Мәтжат" қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.
"Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтырып жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі, яғни жас мал ауырады", – деді Ақтөбе облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






