дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 11:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды

Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды
Фото - ашық дереккөз
Облыста табиғат жанашырлары тазалық жұмыстарын жүргізді

Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, Тараз қаласында жастардың қатысуымен «Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара аясында қатысушалар экологиялық мәдениетті қалыптастыру және акцияның маңызы жөнінде айтып өтті.

- «Тазалық – ол адамның ішкі мәдениеті. Жай ғана қоқысты белгіленген орынға апарып тастау экологиялық мәдениеттің қалыптасуына септігін тигізеді. Қоршаған ортаны таза ұстау туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттырады. Тұрған жеріміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның міндеті», - деді белсенді жас Ерғали Абуғали.

Осындай бағыттағы шара Жуалы ауданында да ұйымдастырылды. Б. Момышұлы ауылында «Таза Қазақстан – Таза әлем» тақырыбымен жастар кездесуі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.

Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар