Алматыда кәсіпкердің 20 миллионға жуық қаржысын алған шенеунік сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 наурыз, 2025
- 151

Алматыда кәсіпкердің 20 миллионға жуық қаржысын алған қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасарын 6 жылға бас бостандығынан айырды.
- Ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді,- деп хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қызметінен кетті
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025
«Көктайғақ, дауыл, жауын-шашын»: Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025