сенбі, 28 желтоқсан, 2024 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде жұмыртқа арзандады

Елімізде жұмыртқа арзандады
ашық дереккөзі
Елімізде жұмыртқа арзандады
Елімізде жұмыртқа 6%-ке арзандады. Бірақ Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, бұл уақытша құбылыс. Күзге қарай баға қайтадан аспандауы мүмкін. Оған не себеп? Мамандар «жаз басында жұмыртқаның арзандауы қалыпты жағдай» дейді. Өйткені сұраныс азаяды. Жұмыртқа құны күзге қарай қайта қымбаттайды. Қазір өндірушілер өнімнің данасын 19 теңгеден шығарып жатыр. Өйткені сұраныс азайды. Шаруалар шығынын өндіріп алу үшін жаз соңында әлеуметтік маңызы бар тауарды бұрынғыдай 30 емес, 40 теңгеге сатпақшы. Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов пысық алыпсатарлардың өнімді нарыққа екі есе қымбат бағада ұсынып келгенін айтады. Бұған одақ жүргізген рейд нәтижесі дәлел. Жалпы ішкі нарықты табиғи өніммен толық қамтуға әлеует бар. Елімізде құс тұмауынан кейін тұра алмай қалған фабрикалар жұмысқа қайта кірісті. Бірақ олардың бұрынғы қарқынға ілесуі үшін уақыт керек. Еске салайық, былтыр 1 млн тауық қырылып қалды. 2 млрд-тай жұмыртқа ысырап болған. Бағаның құбылуына бұл да әсер етті әлбетте. Жұмыртқа құнының 70%-і жем бағасына тәуелді. Яғни, жем-шөп қымбаттаса, құс өнімінің құны қалтаны қағары заңдылық. Қазір шаруалар бір тонна бидайды 93 мың теңгеге алуға мәжбүр. Бұл бұрынғыдан екі есе көп. Ал құзырлы министрлік биыл жұмыртқа бағытына 3,3 млрд теңге субсидия қарастырылғанын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар