Таеквондошылар алғашқы күні үш жүлде алды
Ливанның астанасы – Бейрутте таеквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Бұл жарыста Қазақстаның 15 даян шебері өнер көрсетуде.
Алғашқы күні жерлестеріміз үш жүлдеге иелік етті. 54 кило салмақтағы Саят Темірхан қола медальді мойнына ілсе, 87 кило салмақтағы Смайыл Дүйсенбай ақтық сынға дейін алқынбай жеткенімен шешуші тұста Оңтүстік Кореяның өкілінен ұтылып, қатарынан екінші мәрте Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Ал 2018 жылы ол Вьетнамның Хошемин қаласында сары құрлықтың теңдессізі деп танылған еді.
Әйелдер сайысында сынға түскен Жансел Дениз де дәл сол межеден көрінді. Құрлық чемпионаты мен Дүниежүзілік Универсиадада екінші орынды олжалаған қазақ қызы Бейруттегі бәсекенің финалында кореялық таеквондошыға жол берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала