дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі барлық мектептер қатаң тексеріледі

Еліміздегі барлық мектептер қатаң тексеріледі
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларына тексеріс жүргізіледі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Маңғыстау обысындағы жаппай уланудан кейін мектеп асханаларының жағдайын тексеруді  тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты.

«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүреді. Балалар уланған №8 мектепте тергеу басталған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен аптада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің бастауыш сынып оқушылары мектеп асханасындағы тамақтан уланған еді. 

Осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 304-бабы (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) 1-бөлімі бойынша іс қозғалған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар