дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Moody' s халықаралық рейтингі бойынша еліміздің тарихындағы ең жоғары рейтингке ие болды

Қазақстан Moody' s халықаралық рейтингі бойынша еліміздің тарихындағы ең жоғары рейтингке ие болды
фото - ашық дереккөзден
Берілген рейтинг ел тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр

9 қыркүйекте Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді рейтингін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанның кредиттік рейтингінің жоғарылауы экономиканы әртараптандырудың тұрақты қарқынымен бірге институционалдық және саяси ортаның үздіксіз жақсаруымен байланысты. Бұл факторлар экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және кредиттік тұрақтылықты жоғары рейтингі бар елдер деңгейіне дейін жақсартуға ықпал етеді.

Агенттік мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы прогресті атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, жүргізіліп жатқан реформалар саяси тұрақтылыққа, азаматтық белсенділікке және қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ашықтығына оң әсерін тиігізеді.

Moody's қарыздың төмен деңгейімен және оны төлеудің жоғары мүмкіндігімен сипатталатын Қазақстанның сенімді қаржылық көрсеткіштеріне, сондай-ақ бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2,5-3% деңгейінде ұстап тұру бойынша үкіметтің сарабдал саясатына назар аударды. Жаңа реформалар, соның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін енгізу бюджет саясатының тиімділігін, қаржылық есептілікті әрі салық түсімдерін арттыруы тиіс.

 Есепте срапшылар Қазақстан экономикасының құрылымындағы мұнайға қатысты емес сектор үлесінің ұлғаюын атап өтті, ол елдің көмірсутектерге тәуелділігін азайтады және мұнай бағасымен қатар өндіру деңгейінің ауытқуымен байланысты тәуекелдерді азайтады.

Moody's сарапшылары іскерлік климатты жақсарту мен инвестицияларды тарту, қолайлы бизнес экожүйесін құру мен бюрократиялық кедергілерді азайту бойынша қабылданған шаралар негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалады. Ұлттық инфрақұрылымдық инвестициялық платформаны іске қосу әкімшілік процестерді жеделдетуге көмектеседі.

Moody's сарапшылары басқа көмірсутектерді өндіруші елдермен салыстырғанда Қазақстан экономикасының анағұрлым күшті перспективаларын атап өтті. Агенттіктің пікірінше, жүргізіліп жатқан реформалар елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Moody's сарапшыларының пікірінше, көлік-логистикалық секторды дамыту Транскаспий халықаралық сауда бағыты (Орта дәліз) бойынша жүк транзиті саласындағы белсенділіктің жылдам өсуіне байланысты өсу мен әртараптандырудың негізгі факторларының бірі болып қала береді. Орта дәліздің болашағы шетелдік инвесторларды ел экономикасының әртүрлі мұнайға қатысты емес секторларға, соның ішінде автомобиль жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдары салаларына шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар