дүйсенбі, 14 шілде, 2025 2:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады

Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
Фото: gov4c.kz
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ресми түрде мәлімдеді

2025 жылғы 7 шілде – Елорда күніне орай еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар бір күнге өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«7 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Ертен, 5 шілде, қабылдау тек кезекші орталықтарда жүргізіледі. Мекенжай тізімін https://t.me/gov4c_resmi  осы жерден қарауға болады», деп хабарлады  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

Айта кетейік, мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін алу және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. Ал жалпы ХҚКО-ларда тұрғындар мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын – жеке құжат рәсімдеуден бастап, жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамалар алуға дейін – пайдалана алады.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар